Бухгалтер өзі жұмыс істеп отырған компаниядан миллиондаған ақша ұрлаған.
Ақтөбеде бухгалтер жымқырған ақшасын анасының есепшотына аударып отырған
1,061
оқылды

Ақтөбедегі жеке компаниялардың бірінде бухгалтер 6 миллион теңгеден астам ақша ұрлап, анасының банктік шотына аударып жіберген. Бұл туралы Аikyn.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, 51 жастағы ақтөбелік әйел қаладағы жеке компанияға бас есепші болып жұмысқа орналасқан. Төрт айдан кейін компанияның ақшасын ұрлай бастаған. Сөйтіп ол ақшаны анасының банктік шотына аударып отырған. Тіпті, миллиондаған теңгенің бірнеше траншын жүргізген. Ал есеп беру құжатында бұл жеткізілген тауардың ақшасы екенін көрсеткен. 

Бірнеше айдың ішінде ол компанияның шотынан 6 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлаған. Анасы қызының қаржылық алаяқтығын білмеген. Ол несиесін өтеу үшін оған банк картасын бергенін айтты.

Бұдан бөлек ол биыл ақпан айында мас күйінде және құжатсыз көлік жүргізгені үшін тағы сотталған. Артынан бір жылға шартты түрде сотталған. Алайда кішкентай бала тәрбиелеп отырғанына байланысты мерзімінен бұрын мерзімі өтелген.

Сот үкіміне дейін бұрынғы бас бухгалтер залалдың жартысына жуығын өтеді. Бірақ бұл оны жазадан құтқарған жоқ. Сот әйелді 3 жылға бас бостандығынан айырды. Дегенмен кіші баласы 14 жасқа толғанға дейін сот үкімі бір жылға кейінге шегерілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.