Ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
"Қазпошта" кассирлері жалған түбіртек ұсынып, 84 миллион теңге жымқырған
1,717
оқылды

Алматы облысында "Қазпошта" кассирлері 84 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, мемлекеттік қызметтер көрсетілгені үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Тергеу нәтижесінде Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істейтін "Қазпошта" АҚ кассирлері 2021-2023 жылдары паспорт және жеке куәлік рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденгені анықталды.

Көші-қон қызметіне баж сомасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 миллион теңгеден аса шығын келтірген. Тергеу жалғасып жатыр. 

Қаржы мониторингі агенттігі экономикалық құқықбұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгенін ескертті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.