Қазіргі уақытта 80 келідей шабақтың өлексесі жиналған.
Талдыкөл ауылының каналында балық қырылып жатыр
720
оқылды

Оқиға орнында ауыл әкімінің, Махамбет ауданының балық қорғау инспекциясының қызметкерлері балықты құтқару бойынша іс-шаралар жүргізілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазіргі уақытта 80 келідей шабақтың өлексесі жиналған. 

Махамбет ауданы әкімдігінің хабарлауынша, 21 шілдеде Бейбарыс ауылдық округі Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының каналында балық шабақтарының жаппай қырылуы орын алған. Алдын ала ақпарат бойынша, су тасқынынан кейін каналдың таяз болуына байланысты оттегінің жетіспеушілігінен болған. 

Осыған байланысты, қазіргі уақытта Талдыкөл ауылының әкімі, аудандық балық қорғау инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен жергілікті тұрғындар мен жастарды тарта отырып, балықты құтқару бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде. Барлығы 30-ға жуық адам жұмыс істеуде. Канал арнасына су жіберу бойынша шаралар қабылданады, – деді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Арман Әділғалиев. 

Еске сала кетейік, көктемгі су тасқыны кезінде Талдыкөл ауылының айналасы 95% су астында қалды. Осыған байланысты жасанды көлдер мен жыралар пайда болды.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.