Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.
Мәсімовтің орынбасары 2 бап бойынша тергеліп жатыр
1,462
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша күдікке ілініп, тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Д. Ерғожинге қатысты тергеу қылмыстық кодекстің "Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жымқыру)" 218-бабының 3-тармағының 3) тармақшасында және "аса ірі мөлшерде пара алу" 366-бабының 4.4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша жалғасып жатқанын хабарлаймыз", – делінген жауапта.

Сонымен қатар ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің егжей-тегжейі жария етілмейтінін жеткізді. 

Бұған дейін БАҚ беттерінде Дәулет Ерғожиннің "GitHub" қытайлық сервистеріне қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуына байланысты іс бойынша күдікке іліккені туралы ақпарат тараған еді.