Осыған орай, «Жер аманаты» комиссиясы мен құзырлы органдардың араласуымен «Қос Ада» аумағындағы сауықтыру кешенінің құрылысына арналған көлемі 3 457 гектар жер учаскесі Жер кодексінің 43-бабының нормалары бұзыла отырып, жекеменшікке берілгені анықталды. Сонымен қатар «Қос Ада» аумағындағы сауықтыру кешенінің құрылысына арналған жер учаскесі жер комиссиясында қаралмай және жерге орналастыру жобасы жасалмай рәсімделген.
Нәтижесінде, Жер ресурстарын басқару департаменті өз құзыреті шегінде Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. Соттың шешімімен департаменттің талаптары толығымен қанағаттандырылып, жер мемлекет меншігіне қайтарылды.