Алматы облысы Қарасай ауданының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жасырын ашылған діни медресені анықтады. Олар 19 баланы дінді заңсыз оқытқан, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
“Жеке үйдің аумағында Тәжікстанның азаматы балаларға араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолдана отырып сабақ берді. Тексеру барысында діни әдебиеттің 179 данасы, сондай-ақ Iphone маркалы ұялы телефон және HP маркалы ноутбук тәркіленді”, – делінген хабарламада.
Аталған іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Медреседе білім алған барлық бала ата-аналарына қайтарылды.