Бұл сауалға ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли жауап берді.
Президент еңбек демалысына кеткенде қызметін кім атқарады?
1,828
оқылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қысқамерзімді, яғни үш күндік еңбек демалысына шықты. Осыған байланысты bes.media сайты "Еңбек демалысы кезінде Президентті кім алмастырады?" деп, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сауал жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"ҚР Конституциясы мен "ҚР Президенті туралы" Конституциялық заңда Президентті демалыс уақытына ауыстыру көзделмеген. Демалыста болған кезде Президент Мемлекет басшысының барлық міндетін толығымен орындауды жалғастырады", – деп жауап берді Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли.