Рудныйда үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Қостанай облысының Рудный қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған.
Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ ескертеді:
Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Москит торлары құлаудан қорғамайды;
Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.