Әлеуметтік желіде Алматының №1 қалалық емханасының жанында әйел адамның киімсіз мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады.
Алматы қаласының Полиция департаменті аталған фактіні растады, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты kaz.inform.kz сілтеме жасап.
– Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ адамның мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа жағдайлар белгіленеді, – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.