«Экология министрлігімен бірге жұмыс істедік. Бірақ қазіргі таңда ешқандай ғылыми қорытынды да, нақты тәжірибе де жоқ. Сондықтан нақты бірдеңе айту қиын. Ондай жобаға субсидия беру деген бізде ешқандай заңға жатпайды», – деді Азат Сұлтанов.
Оның сөзінше, министрлік заңды бірнеше рет зерттеген, әрі оларға мұндай жоба ұсынған шетелдіктер де болған көрінеді.
«Маңғыстау, Батыс Қазақстан өңірлерінде 2-3 жыл бұрын сумен проблема болғанын білетін шығарсыз. Сол кезде бұлт шақырып, жаңбыр жауғызайық деген ұсыныс берілді. Бірақ бұл мәселенің бірнеше қыры бар. Бір жағынан экологияның мәселелері де бар. Бұл – табиғат қой. Бір жерде жаңбыр жауғанымен, келесі бір жерге зияны тиюі мүмкін. Мына жерде жаңбыр жауғанымен, басқа жерден ылғалы ауып кетуі мүмкін. Оның бәрін зерттеу қажет», – деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.