Президенттің кеңесшісі Ерұлан Жамаубаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесіне мүше болып сайланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ерұлан Жамаубаев осы айдан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Десе де ол холдингтің акцияларын, өнім берушілері мен бәсекелестері саналатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.
Ерұлан Кенжебекұлы 1974 жылы 25 наурызда туған.
1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы Халықаралық бизнес мектебін тәмамдады. Мамандығы – стратегиялық менеджмент.
Халықаралық қаржы ұйымдарында және батыс елдерінің орталық банктерінде «макроэкономикалық және қаржы саясаты», «монетарлық саясат стратегиясы және оны еуропалық орталық банкте жүргізу ерекшеліктері», «макроэкономикалық басқару», «қаржы нарығының құралдары», «қаржылық тұрақтылық» бағыттары бойынша біліктілігін арттырған.
1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде оқытушы-тағылымдамашы, оқытушы;
1998-2014 жылдары – ҚР Ұлттық банкінің жетекші маманы, департамент директоры;
2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры;
2015-2018 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі;
2018-2019 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;
2019-2020 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;
2020-2022 жылдары – ҚР Қаржы министрі;
2022-2024 жылдары – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі;
2024 жылдың 20 мамырынан бері Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.