Қарқаралы экотуризм орталығына айналады

Болашақта Қарқаралы Қарағанды облысының экотуризм орталығына айналады. «Бұғылы» рекреациялық аймағының 75 гектарында этноауыл, тау шаңғысы трассалары және жайлы қонақүйлері бар заманауи туристік кешен салынады.

«Бұғылы» табиғи оазисі кез­­дей­соқ таңдалмады. Рекреациялық аймақтың аумағы Қарқаралы қала­­сына іргелес және ұлттық табиғи паркке қосылады. Кешен бес не­гізгі секторға бөлінеді: экотуризм айма­ғы, этноауыл, ойын-сауық саябағы, демалыс үйлері, тау шаң­ғысы ке­шені.

– Біз заманауи туристік кешен құр­ғымыз келеді, онда барлық ниет білдіруші өздеріне ұнайтын де­малыс түрін табады. Біреу табиғатта рюк­закпен және шатыр­ларын жайып немесе тауға шықса, енді біреу та­рихқа үңіліп, киіз үйде өмір сүргісі келеді, сондай-ақ белсенді спорт пен жайлы қонақүйлерді ұнататын адамдар бар. Сондықтан «Бұғылы» аумағы таңдалды, ол бір мезгілде орманға да, қалаға да жа­қын, – дейді Қарқаралы ауда­­ны­ның әкімі Әділ­жан Арғынов.

Кешеннің көрікті жері этно­ауыл болады, онда атқа мінуге, балық аулауға, табиғат аясында ұлттық та­ғам­дардан дәм татуға болады. Ре­креа­ция­лық аймақтың орта­лығында 7 гектардан астам ойын-сауық паркі орналасады, онда спорт және ойын алаңдары, вело­­жолдармен жаб­дықталады. «Бұ­ғылыда» 366 орын­дық 56 қо­нақүй және глэм­пингтер салу жос­пар­лануда. Сондай-ақ Қар­­қа­ра­лыда туризмді дамыту үшін ескі бөгет қайта жаңғыртылуда, онда қоғам­дық жағажай жабдықталып жатыр.

Су қоймасының түбін тереңдету және тазарту аяқталды, көпір са­лынды. Тротуарларды жайлас­тыру, паркингті асфальттау бас­­­талды, Балқаш жағалауынан құм әкелінді. Сонымен қатар мұнда жарық­тандыру тіректері, урналар орна­тылады, ша­ғын архитек­туралық формалар, ша­тырлар және балалар ойын эле­­­­менттері пайда болады.

– Бұрын бөгеттен басқа еш­теңе болған емес. Былтыр біз қайта құ­­­руды бастадық. Жаға­жайда 20 жа­тақхана болады, су қойма­сында бір уақытта 100 адам­ға дейін демалуға болады. Жалпы, бөгет аумағы «Бұғылы» рекреа­циялық аймағына іргелес екенін ескере отырып, тәулігіне 200-300 демалушыны қарсы ала­мыз деп үміттенеміз. Қарқаралы өзені су айдынына құяды, – дейді Қарқа­ралы ауда­нының Тұрғын үй комму­налдық шаруа­шылық, жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары бө­лімінің басшы­сы Қуандық Та­ласбаев.

Қазір Қарқаралы ауданында бір мезгілде 3 мыңға жуық турист қа­былдай алатын 40-қа жуық дема­лыс үйі мен қонақүйлер бар. Был­тыр ауданға 9 мыңнан астам адам келді. Жаңа нысандардың ашылуы де­малушылар ағынын екі есеге арт­тырады.

 

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ