Елордада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
Елордада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
© elorda.info
547
оқылды
5 ақпанда «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында кезекті шағын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Қала азаматтарын әлеуметтік қолдауға бағытталған шара 5 ақпан күні сағат 10.00-13.00 аралығында болады. «Аталмыш іс-шараның мақсаты – жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік бағдарламаларды жұртшылыққа насихаттау. Шара аясында ізденушілердің жұмыс беруші ұйым өкілдерімен кездесіп, жалақы деңгейі мен үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ жәрмеңкеге келушілер алдын ала сұхбаттасудан өтіп, түйіндемесің жұмыс берушілерге қалдыра алады», - делінген хабарламада. Айта кетсек, алдағы уақытта шағын жәрмеңкелер апта сайын өткізілетін болады