Мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы Бақытбек Тәжімбет қамауға алынды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ол Бурабайдағы түнгі клубтың жанынан масаң күйде көлік жүргізіп бара жатқанда ұсталған.
"Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын, – деп жазылған сот қаулысында.