Жыл басынан бері полиция 6 миллионға жуық жол ережесін бұзушылықты анықтады.
Елімізде мас жүргізушілердің кесірінен 26 адам қаза тауып, 234 адам жарақат алған
597
оқылды

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жолдағы тәртіптің төмендігін атап өтті. Заңбұзушылықтардың жыл сайын өсуі жүргізушілер тәртібінің жақсармағанын, тіпті кейбіреулері жол ережелерін жүйелі түрде бұзып, өрескел бұзушылар екенін көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның мәліметінше, жыл басынан бері полиция 6 миллионға жуық жол ережесін бұзушылықты анықтады, оның ішінде 238 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. 12 мыңнан астам жүргізуші мас күйінде ұсталды, қарсы жолаққа шығудың 5 мың дерегі анықталды, сотпен 14 мыңға жуық жүргізуші басқару құқығынан айырылды, 12 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды.

«Жыл басынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 178 жол апаты болып, онда 26 адам қаза тауып, 234 адам жарақат алды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.