Павлодарда кәмелетке толмаған үш қыз бала жол апатында зардап шекті, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"24 шілдеде болған апаттардың бірінде бірден үш бала зардап шекті. Күндіз сағат бестің шамасында Химқалашық шағын ауданында соңғы аялдама жанында жеңіл көлік пен автобус соқтығысқан. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жетті. 2016, 2017 және 2020 жылдары туған қыздар жабық миының жарақаты, шайқалуы деген алдын ала диагноздарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", – деп хабарлады станция.
"103" қызметінің медициналық бригадалары бір күнде алты ауыр жол апатына шықты. Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, барлық жағдайда көмек жеті минут ішінде жетті.