Бүгін Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сырым Итқұловқа қатысты істі тоқтату туралы қаулы шығарды.
Бишімбаевтың ата-анасы «жалған ақпарат таратты» деп сотқа берген журналист жеңіп шықты
5,844
оқылды

Астанада Бишімбаевтың ата-анасы елордалық әйелдің Бишімбаевтың туыстарынан үкімді жеңілдету үшін 100 миллион теңге сұрады деген ақпаратты таратқан журналисті сотқа берді. Десе де сот журналисті ақтап шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

“Бүгін Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сырым Итқұловқа қатысты істі тоқтату туралы қаулы шығарды. 

В. Бишімбаев пен А. Нұрлыбекова (Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы) полицияға белгілі журналист/блогер Итқұлов Сырымды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы "болжам бойынша" жалған ақпарат таратқаны үшін шағымданған. Атап айтқанда қылмыстық іс бойынша мәселені шешу үшін 100 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат беру кезінде Астана тұрғынын Антикор қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат таратқан.

Сот кезінде филолог маманның қорытындысы жасалып, Итқұловтың әлеуметтік желіде шынайы ақпарат жариялағаны белгілі болды. Қорытынды бойынша өтініш берушілердің дәлелдері расталмады. Итқұлов мемлекеттік органдар берген ақпаратты жариялаған”, – делінген жазбада.