Ақша айырбастау орындарында доллар 472,9-474,7 теңгеге, еуро 514-518 теңгеге, Ресей рублі 5,37-5,49 теңгеге сатылып жатыр.
Бүгін доллар бағамы қандай?
3,684
оқылды

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 474,83 теңге (+0,10) болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,56 теңгеге дейін өсті (+0,16).

Ақша айырбастау орындарында доллар 472,9-474,7 теңгеге, еуро 514-518 теңгеге, Ресей рублі 5,37-5,49 теңгеге сатылып жатыр.

Сонымен бірге, 26 шілдедегі аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйек айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,01%-ға төмендеп, барреліне $82,36 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,06%-ға төмендеп, барреліне 78,23 долларды құрады.

Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 474,72 теңге, еуроны 515,17 теңге, рубльді 5,58 теңге деп белгілеген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.