Өнер иесі оны өзінің Instagram желісіндегі парақшасында көрсетті.
Жігер Ауыпбаев бейнебаян түсіріп жатқанда, аспанда «Алла» деген жазу пайда болған
4,309
оқылды

Әнші Жігер Ауыпбаев жаңа әніне бейнебаян түсіріп жатқанда, аспаннан «Алла» жазуы көрінгенін айтты, -  деп жазады Aikyn.kz.

Оның сөзіне қарағанда, видео түсірілмей тұрып жазу тіпті анық көрінген. Ал әншінің өзі ешкімге үндемей, бірер минуттай қарап тұрған.

"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Біз, мінеки, бейнебаян түсіріп жатырмыз. Сіздерге бір қызық көрсетейін. Қызық емес, Алланың кереметі. «Алла» деген жазу бұлтпен, оқи аласыздар ма?" - дейді ол видеода.

Өнер иесі аталған видеоны жазбамен толықтырды.

"Бұл бейнебаян бұрынғыдан ерекше болайын деп тұр... Жаңа бейнебаян түсірілімі кезінде осындай керемет құбылыс болды. Ешкімге үндемей, бірер минуттай қарап тұрып, шыдай алмай, видеоға түсіріп алдым. Бұл құбылыстың өзі маған ерекше рух берді. Жұмыс барысында осындай құбылыс болған болса, бейнебаян қандай болғанын ойлай беріңіздер енді. Бұл сәл бұлттың тарқаған кезі ғой. 1-2 минут бұрын бұдан да анық жазылып тұрған еді", - дейді ол.