Оқиға 23 шілдеде кешкі уақытта болған.
Сот лифт ішінде балаларды ұрған алматылыққа үкім шығарды
954
оқылды

Сот лифтіде балаларды соққыға жыққан алматылықты қылмыстық жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы қаласы Әуезов аудандық соты кәмелетке толмаған екі баланы ұрып-соғып, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген (ҚК-нің 109-1-бабы 2-бөлігі 1,8-бөлігі) сотталушы Н.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

2024 жылдың 23 шілдесінде кешкі уақытта кәмелетке толмаған жәбірленушілер сотталушы Н.-ның пәтерінің есігін қаққан. Үй иесі есікті ашқанда, олар қашуға тырысып, лифтіге жүгірген. Сотталушы олардың соңынан еріп, лифт ішінде жәбірленушілердің аяқтарына соққы келтірген.

"Сот үкімімен Н. ҚК-нің 109-1-бабы 2-бөлігінің 1,8-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Жазаны тағайындау кезінде, сот сотталушының кінәсін мойындауын, жасаған әрекетіне өкінуін, бұрын соттылығының болмауын жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді", – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.