Күні кеше пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден жұптық кездесуде қола алған мергенші қызымыз Александра Ле бүгін жекелей сында финалға шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша, ең үздік деп танылған сегіз спортшы финалға өтті. Ал Арина Алтухова 17-орыннан көрінді.
Ертең 29 шілдеде медальдар сарапқа салынатын болады.
Айта кетейік, бір күн бұрын аралас командалар арасындағы жарыста Александра Ле Ислам Сәтбаевпен бірге үшінші орын алған болатын.