Боксшы Айбек Оралбай Париждегі Олимпиада ойындарындағы бірінші жекпе-жегін өткізді.
Қарсыласын нокдаунға түсірген Оралбай Олимпиаданы жарқын жеңіспен бастады
ҰОК
3,255
оқылды

92 келіге  дейінгі салмақта бақ сынап жатқан отандасымыз нигериялық Адам Олаорені жеңді, - деп жазады Aikyn.kz.

Айбек қарсыласын бірінші раундта нокдаунға да түсірді. Одан кейін де шабуылда ширақ, қорғаныста мығым болды. 

Отандасымыз ширек финалда Хулио Сезар Ла Круз – Лорен Альфонсо Домингес жұбының жеңімпазымен кездеседі.