Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
«Бүгін Қарасай ауданында қоймалық үй-жайдың бірінде 273 шаршы метр алаңда құрылыс материалдары өртенген. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген ақпаратта.
Алматы облысының құтқарушылары қоймадағы жалынды сөндірді. Дегенмен ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.