Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Пойыздарды тазалайтын компанияға айыппұл салынды
www.istockphoto.com
1,242
оқылды

Жолаушылар тазалықтың жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақытылы жинамауына жиі шағымдануына байланысты масс-медиа өкілдерінің қатысуымен жеке тексеріс жүргізілген.

"Тексеру компанияның Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанай және т.б. бағытында жүретін "Жолаушылар тасымалы" АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті. Заңбұзушылықтардың арасында тазалау сапасының төмендігі, сапаны бақылаудың болмауы, қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ құжаттарды бұрмалау бар", - делінген хабарламада.

Клинингтік компанияға айыппұл салынды. Анықталған заңбұзушылықтар жойылмаған жағдайда шартты бұзу туралы мәселе қаралады.

"Сондай-ақ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" өңірлік филиалының директорына, директордың сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына және өндірістік-техникалық оқыту жөніндегі нұсқаушысына пойыздарды тазалау сапасын бақылауға жауапты қатаң сөгіс жарияланды. Оған қоса, "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" өңірлік филиалы учаскесі бастығының атқаратын лауазымына сәйкестігі қаралатын болады".