Белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлы 78 жасқа қараған шағында өмірден озды. 
Қаржаубай Сартқожаұлы – түркі дүниесінің тарихын түгендеген ғалым
e-history.kz
1,515
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті тарихшы, этнограф ғалым, шығыстанушы, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қаржаубай Сартқожаұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– Қаржаубай Сартқожаұлы бар саналы ғұмырын түркі дүниесінің тарихын түгендеуге, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге арнаған зерделі ғалым болды. Ғылымға шын берілген қарапайым болмысымен бітіктас білгірі атанды. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Қарымды қаламгер ретінде оқырман қауымға ойлы шығармалар ұсынды. Соңына рухани мол мұра қалдырған Қаржаубай Сартқожаұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
Ғалыммен қоштасу рәсімі Астана қаласында өтті.