Сонымен қатар олардан 700 мың теңгеден астам шығын өндіріп алынды.
Орман өртіне кінәлі 13 адамға 7,5 миллион теңге айыппұл салынды
www.istockphoto.com
701
оқылды

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мемлекеттік орман күзеті өрт қауіпті маусымына дайын екенін айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz  сайты inbusiness.kz сілтеме жасап.

"Қазіргі кезге дейін облыс әкімдіктері орман өрт сөндіру станцияларын және өртті бақылау мұнараларын салу бойынша ешқандай шара қабылдамады. Мемлекеттік орман күзетінің 12 900 және орман өрт сөндіру станцияларының 3 300 қызметкерінен  710 өрт сөндіру топтары құрылды және олар өрт қауіпті маусымына дайын. 482 өрт сөндіру машинасы, 228 орман өртін сөндірудің шағын кешені, 1518 трактор, 1307 патрульдік машинасы және 129 ұшқышсыз ұшу аппараты тұрақты кезекшілікке қойылды", – деді министр.

Орман иеленушілері қолданыстағы 141 мың шақырым минералданған жолақтарға күтім жасады және жаңадан 5 400 шақырым белдеу құру жұмыстарын жүргізді. 

"Қазавтожол" АҚ минералданған жолақтарға күтім жасау жұмыстарының тек 60 процентін жүргізген. Көктемгі кезеңде мемлекеттік орман қоры аумағына іргелес 16 700 шақырым жерді күйдіру жолымен өртке қарсы қорғау белдеулерін құру және шөп шабу жұмыстары жүзеге асырылды. Өрттен қорғау тақырыбына 6150 аншлаг пен панно орнатылды және жаңартылды", – деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Оның дерегінше, мемлекеттік орман күзетімен өрт туындауына кінәлі 13 адам анықталды. Олардан 7 млн 500 мың теңге әкімшілік айыппұл және 700 мың теңгеден астам шығын өндіріп алынды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.