Әлеуметтік желіде Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды қызметінен кететіні жөнінде ақпарат тарады.
Азамат Сатыбалды қызметінен кететіні рас па?
771
оқылды

Естеріңізде болса, бұл ақпаратты Telegram-дағы Pro кадры kz арнасында жарияланды. Ал оның жұмыстан өзі кетті ме, әлде жұмыстан босатылды ма, бұл жағы белгісіз еді, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Олар мәселенің анық-қанығын білу үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне сауал жолдаған болатын.  

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалдының жұмыстан босатылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды", – делінген ведомство жауабында.

Сөйтіп, алып-қашпа сөзді Мәдениет және ақпарат министрлігі жоққа шығарды.

Айта кетейік, "Қазақфильм" АҚ қызметкерлері киностудия алдында жиналып, басшылықтың шығуын талап етті. Анимация бөлімінің мамандары бір жыл бойы жалақы алмағанын айтып, шағымданған еді. Өз кезегінде "Қазақфильм" АҚ президенті, белгілі актер Азамат Сатыбалды киностудия қызметкерлеріне қатысты даулы жағдайға жауап берді. Өнер иесі бір жыл бойы жалақы берілмей жатқанын айтып жүрген анимация мамандарының шағымы орынсыз екенін жеткізген болатын.

«Қазақфильмнің» жалақы алмаған аниматорларының жанайқайына Ұлттық кино орталығы жауап берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.