Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Эстония Республикасының Елшісі Тоомас Тирсті дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.
Қазақстан СІМ басшысы Эстония елшісін қабылдады
1,338
оқылды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Эстония Республикасының Елшісі Тоомас Тирсті дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, көлік, логистика және цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Эстония Елшісі Қазақстандағы миссиясы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша берік және үйлесімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға сенім білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.