Мемлекеттік органға шағым, арызды онлайн түрде жазуға болады, - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.
«Егер мемлекеттік органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны онлайн істеуге болады. egov.kz порталы арқылы ЭЦҚ-ңыз болса, керекті мемлекеттік органға өтінішті жазып қана қоймай, орындалу мәртебесін бақылап, берілген жауапты да көруге болады», - делінген хабарламада.
Заңды не жеке тұлғалардың жазған өтініші бойынша жауап 15-30 күнтізбелік күн (қосымша ақпарат қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін) аралығында қаралады.