Бұл туралы синоптиктердің консультативтік ауа райы болжамында айтылды, - деп жазады Aikyn.kz.
Қазгидрометтің болжамына сәйкес, тамызда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түседі, екпінді жел соғады, нөсер жаңбыр жауады. Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасында шамалы ауытқу болжанады:
Республиканың солтүстігінде, орталығында түнде сынап бағаны +13...+18°С-тан +17...+22°С-қа дейін, күндіз +20...+25°С-тан +25...+30°С-қа дейін;
Оңтүстікте +35...+37°С-қа дейін;
Батыста түнде +15...+20°С-тан +20...+25°С-қа дейін, күндіз +28...+33°С-тан +36...+41°С-қа дейін;
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде +18...+23°С-тан +22...+27°С-қа дейін, күндіз +29...+36°С-тан +35...+43°С-қа дейін;
Шығыс өңірде түнде +12...+18°С-тан +15...+23°С-қа дейін, күндіз +23...+30°С-тан +28...+35°С-қа дейін.
Тамыздың екінші және үшінші онкүндігінде ыстық әрі құрғақ күндер салқын және жаңбырлы ауа райына алмасады, кейде найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Ауа температурасы:
Батыс өңірлерде түнде: +10...+20°C, күндіз: +20...+30°С, жекелеген күндері ауа температурасының түнде: +20...+25°С, күндіз: +35...+41°С дейін көтеріледі деп болжанады;
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде +13...+18°С-тан +5+10°С-қа дейін, күндіз +28...+33°С-тан +15...+20°С-қа дейін төмендейді;
Орталық пен шығыста түнде: +13...+18-ден +7...+12°С-қа дейін, күндіз +24...+29°С-тан +19...+24°С-қа дейін, жекелеген күндері ауа температурасының түнде +4...+9°С-қа дейін, күндіз +16...+21°С-қа дейін төмендейді;
Оңтүстік-батыста, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде +15...+20°С-тан +9...+14°С-қа дейін, күндіз +32...+37°С-тан +29...+34°С-қа дейін ауытқиды.
Айта кетейік, бір айға арналған ауа райы болжамы жалпылама сипатқа ие, ол синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіліп, алдағы онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.