Қуат Сандалов пен Ержан Сейітқұлов Мемлекет басшысының өкімімен жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімімен Қуат Жалалитденұлы Сандалов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.