Астанада автомобильдер мен жаяу жүргіншілер үшін көлік қозғалысы шектеледі.
Астанада шектеу енгізіледі: Мемлекеттік күзет қызметі үндеу жасады
Фото Instagram/sgork_official
9,663
оқылды

Астанада автомобильдер мен жаяу жүргіншілер үшін көлік қозғалысы шектеледі, -  деп хабарлайды Aikyn.kz Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге байланысты 7-10 тамыз аралығында елорданың жекелеген көшелерінде:

Есіл ауданында: Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала, Достық, Керей, Жәнібек хандар көшелері

Нұра ауданында: Тұран, Ұлы Дала даңғылы

Алматы ауданында: Тәуелсіздік даңғылы, Нәжімеденов, Аманжолов көшесінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

«Осы жылдың 3 тамызында дайындық аясында бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өткізіледі. Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қарулы Күштердің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Мемлекеттік күзет қызметінің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.