Балжан Бидаш туған күнін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен.
"Ұлан Қонысбаев Астанадан келді": Балжан Бидаш туған күнін дүркіретіп атап өтті
Видеодан кадр: Instagram/bidash_official
5,871
оқылды

Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш 26 жасын ерекше атап өтті. Өнер иесі жақындары мен жұлдызды достары үшін үлкен дастарқан жайып, көңілді отырыс ұйымдастырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Балжан Бидаш туған күнін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен. Шоу-бизнес жұлдызын барша жақындары мен өнердегі достары құттықтап келген. Олардың арасында Фариза Ескермес, Айнұр Ілиясова, Жарқынай Ханайым, Жазира Еркін, Серік Ибрагимов, Жұлдыз Өмірғали, Айдай Исаева, Әсел Сағатова, Еркеш Хасен, Зарина Кармен, Тұрар Ыдырыс, Альбина Шардарова, Ғаділбек Жаңай және тағы да басқалары бар.

Айта кетерлігі, Балжан Бидашты 26 жасымен "Егіз лебіз" жобасындағы жұбы, футболшы Ұлан Қонысбаев арнайы Астанадан келіп, құттықтаған. Балжан Бидаш туған күні жоғары деңгейде өту үшін барын салып дайындалған. Әнші ару мейрамханаға кірер алдына қонақтары үшін қызыл кілем төсеп, үстелдерді ерекше дизайнда безендірген.

Шоу-бизнес жұлдызының туған күніне жиналған көпшілік отырыстың қалай өткенін Instagram желісінде көрсетті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.