ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК экс-директоры Оралбай Жақсымбетов ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Антикордың хабарлауынша, Оралбай Жақсымбетов 2021-2022 жылдары 57 млн теңгені ұрлап кеткен. Бұл қаражатты БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы Жақсымбетов бақылауындағы «Ақжайық» ФК» ЖШС-на балаларды оқыту қызметтеріне ақы төлеу түрінде аударып жіберген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында «Ақжайық» ЖШС бұрынғы директорының ұсталғанын растайды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - деп хабарлады агенттік.
Ол спортты дамыту дирекциясын 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың желтоқсанына дейін басқарды.