Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады.
"Қазақфильмді" уақытша кім басқаратыны белгілі болды
Фото: instagram.com/_aidar.kz
10,981
оқылды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

"Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Азамат Сатыбалды бірнеше күн бұрын киностудия президентінің лауазымын өз еркімен босатқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.