Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының президентін Ақордада қарсы алды
1,164
оқылды

Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды, – делінген хабарламада.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.