"Қазгидромет" РМК 3-5 тамызға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алдағы демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр, найзағай сақталады, ал республиканың батыс және оңтүстік аймақтарына Еуропаның аудандарынан антициклон жотасының біртіндеп енуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы +41°С-қа дейін, оңтүстік-батыста +40+45°С-қа дейін жоғарылайды, қалған аумақтарда күрт өзгерістер күтілмейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.