Мейрамханадан 20 мың доллар салынған сейф ұрланды
Мейрамханадан 20 мың доллар салынған сейф ұрланды
Фото: Полиция баспасөз қызметінен алынды
259
оқылды
Өскемендегі мейрамханалардың бірінен ақша салынған сейф қолды болды, – деп хабарлайды Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі. Оқиға жуырда түнгі сағат 03.00-тер шамасында болған. Мейрамхана ішіне терезе арқылы кірген ұрылар 20 200 доллар мен 100 мың теңге салынған темір сейфті жымқырған.
Өскемен қалалық Полиция басқармасының бастығы Даур Ибраев: «Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында 26 және 35 жастағы екі күдіктіні қолға түсірді. Өз кінәларын мойындаған олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-тармағымен (ұрлық – ред.) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – дейді.