"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Тәуелсіздік даңғылынан бастап Қ.Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскеде Б.Момышұлы даңғылында жолдың үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылатын болады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазды жергілікті әкімдіктен.