Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екі жігіт даладағы дәретханаға құлап, улы газға тұншығып, мерт болды, - деп жазады Aikyn.kz.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды.
«Ешқашан ашық дәретханаға немесе шұңқырға түсіп кеткен бағалы заттарыңызды алуға өзіңіз түспеңіз. Бұл сондағы газдан улану және тұншығу қаупіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз», - деп ескертеді РЖҚЖ баспасөз қызметі.