Олар өткен жылдың қыс айында таңғы сағат 5:00 шамасында жасырын түрде бөтеннің үйіне кіріп, жеке жақтырмаушылықтан үш ер адамды битамен және темірмен ұрып-соққан.
Адам өлтірген. Іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеу облысында ұсталды
Фото: Halyq Uni
1,271
оқылды

Адам өлтіру қылмысы үшін іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеу облысында ұсталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жедел уәкілдері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ресейлік әріптестерімен бірлесіп, кісі өлтірді деген екі күдіктінің жүрген жерін анықтап, құрықтады.

Олар өткен жылдың қыс айында таңғы сағат 5:00 шамасында жасырын түрде бөтеннің үйіне кіріп, жеке жақтырмаушылықтан үш ер адамды битамен және темірмен ұрып-соққан. Олардың бірі алған дене жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Қазіргі таңда ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.