Сондай-ақ бухгалтер Павлодар қаласында жүріп, Аққулы ауданындағы "Қызғалдақ" бөбекжай-бақшасында қашықтықтан бухгалтер болып қызмет еткен.
Павлодарда балабақша бухгалтері 41 миллион теңге жымқырған
Ашық дереккөз
1,111
оқылды

Павлодарда бюджет қаражатын жымқырған бухгалтер сотталды,-  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық соттың мәліметінше, 2022 жылдың қаңтарынан бастап 2024 жылдың наурызына дейін "Павлодар қаласындағы № 4 бөбекжай-бақшасының бухгалтері шаруашылық меңгерушісімен сөз байласып, есептік-төлеу туралы тізімді заңсыз жасаған. Екеуі шоттарына заңсыз ақша аударып, мемлекетке жалпы сомасы 41 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірген.

Осымен тоқтамай, осыған ұқсас қылмыстық схеманы пайдаланып, Б.А. 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың мамыры аралығында "Павлодар қаласының №7 бөбекжай-бақшасы" МҚКК-ның бухгалтері болып қызмет атқарып, жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

Сондай-ақ бухгалтер Павлодар қаласында жүріп, Аққулы ауданындағы "Қызғалдақ" бөбекжай-бақшасында қашықтықтан бухгалтер болып қызмет еткен. Бұл жерде де 2023 жылдың желтоқсаны мен 2024 жылдың мамыры аралығында жалпы сомасы 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған, - дейді ведомство.

Прокурор сотталушының екеуіне де 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәларын мойындап, өкініп, бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады.

Сот шешімімен екеуі де 5 жыл мерзімге мемлекеттік ұйымдарда қаржылық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды және әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.