Құтқарушылар, полицейлер және жергілікті тұрғындар мәйіттерді іздеп, оларды судан шығарды.
Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы суға батып кетті
1,326
оқылды

Ақтөбе облысында Ырғыз өзенінде ер адам екі баласымен және туысымен суға батып кеткен, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Диапазон" тілшісі жазғандай, қайғылы оқиға 3 тамызда Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында болған.

"Ырғыз өзенінде суға түсіп жүрген бір отбасының 4 адамы батып кетті. Олар  13,11 және 7 жастағы балалар, сондай-ақ оларды құтқаруға тырысқан 39 жастағы ер адам. Ер адам өзінің балалары мен туысын құтқаруға тырысқан",  – делінген материалда.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балалар ата-аналарымен бірге болғанын айтты.