Енді 198 мемлекеттік қызметтің деректемелері автоматты түрде толтырылады.
Цифрландыру: 48 бағыт бойынша 11,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді  
803
оқылды

2024 жылдың алғашқы 6 айында цифрландыру арқылы 48 бағыт бойынша 11,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2024 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру айтарлықтай ілгеріледі. Мемлекеттік органдар мен бизнес үшін 20 мың цифрлы профильді қамтитын жаңа цифрлы экожүйе құрылды. Жобаларға арналған өтпелі ID-нөмірі енгізілді, бұл олардың орындалуын тиімдірек бақылауға мүмкіндік береді.

Негізгі инновацияларға нарықтық талдау, бірыңғай деректер қоймасы, egov.kz арқылы төлемді жеңілдету кіреді. Енді 198 мемлекеттік қызметтің деректемелері автоматты түрде толтырылады.

48 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның 44-і электронды түрде ұсынылады. 2024 жылдың алғашқы алты айында 11,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл қадамдар көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және азаматтар мен бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.