Күдіктілерден салмағы 105 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді.
Жамбылда есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көлігін өртеп жібермек болған
554
оқылды

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаумен айналысқандар қылмысын жасыру үшін көлігін өртеп жібермек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Патрульдік полиция қызметкерлері кинолог мамандарымен бірлесіп, “Қарасора – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Алматы – Екатеринбург тасжолының 340-шақырымында Lexus ЕС 350 автокөлігін тоқтатқан.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында жолаушысы көлікке жанармай төгіп өртеп жібермек болған. Алайда полиция қызметкерлері өртті дер кезінде сөндірді.

– Аталған көлікті Лэтти атты қызметтік-іздестіру иті тексеру кезінде артқы жүк салғышынан 4 полиэтилен қапшыққа оралған өткір иісті, есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 105 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Түркістан облысының және Астана қаласының тұрғындары ұсталды, – делінген хабарламада. 

Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.