Елордада бір жасар бүлдіршін терезеден құлап, ауруханаға жеткізілді.
Елордада бір жасар бала терезеден құлап кетті
1,181
оқылды

Елордада бір жасар бүлдіршін терезеден құлап, ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

«Бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады. Оқыс оқиға бүгін Астана қаласының Алматы ауданында болды. Түрлі жарақаттар алған сәби (ұл) ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Осы орайда ТЖМ ескертеді:

- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- Терезеге арналған торлар құлаудан қорғамайды;

- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Биыл шілденің басындағы мәлімет бойынша, елімізде жыл басынан бері 100-ден астам бала терезеден құлап кеткен. 

ТЖМ мұндай фактілер тіркелген кезде балалар ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалады немесе көз жұматынын хабарлап отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.