Алдағы үш күнде ел аумағының көп бөлігіне циклон әсер етеді, жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады.
Жаңбыр, бұршақ, 45 градус ыстық: 6-8 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
3,513
оқылды

"Қазгидромет" РМК 6-8 тамызға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы үш күнде ел аумағының көп бөлігіне циклон әсер етеді, жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады, 6-8 тамызда батыста және солтүстік-батыста, 7-8 тамызда солтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанады.

Еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта өте қатты ыстық +38+45°С болады деп болжануда, ал республиканың қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.