Жазғы ойындардың ширек финалында Жадыраев әйгілі қырғыз балуаны, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жеңді.
Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті
Фото: olympic.kz
2,071
оқылды

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жазғы ойындардың ширек финалында Жадыраев әйгілі қырғыз балуаны, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жеңді. 

Есеп – 3:1.

Грек-рим күресінен 77 келі салмақта сынға түсіп жатқан Демеу Жадыраев енді Олимпиаданың ақтық  сынына өту үшін бар күшін салады. 

Оның жартылай финалдағы қарсыласы енді анықталады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.