Ақбота Керімбекова өнердегі құрбысы Айгүл Иманбаеваның жеке өмірі туралы айтты.
"Орамалың құтты болсын": Айгүл Иманбаева бақытын тапты
33,176
оқылды

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ақбота Керімбекова өнердегі құрбысы Айгүл Иманбаеваның жеке өмірі туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным – осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалығы да көп. Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс істеп жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін! Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!”, – деп жазды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.