Оқуға түсе алмаған талапкерлерге қосымша қанша грант бөлінгені белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 3 000-ға дейін грант қайта бөлінеді.
- 870 жұмыс берушілерден грант;
- 800 Түркістандағы Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университетінің гранттары;
- Ректорлық гранттар;
- 2 475 жергілікті атқарушы органдардың гранттары;
- 850 «Қазақстан халқына» қорының гранттары;
- 500 Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу үшін Түркия Республикасынан берілетін грант;
Сессия қорытындысы бойынша бос гранттар алу мүмкіндігі бар.
Барлығы 8 000-нан астам қосымша грант қарастырылған.